Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды
Сурет: azhk.kz
18 маусымда сағат 18: 49-да Алматыда 160А және 157А қосалқы электр станциялары істен шығып, Бостандық және Медеу аудандары тұтынушыларының бір бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алатау жарық компаниясының" мәліметінше, қазіргі уақытта авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, қазіргі уақытта картада Наурызбай ауданында да жарықтың жоқ екені белгіленіп, көрсетілген. Демек, алматылықтарға бұл ауданда жарықтың сөнетіндігі туралы алдын ала жаппай хабарланған.
Бұған дейін 2024 жылдың 11 маусымында Алмалы ауданында жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы сөндірілген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript