Қызылордалық полицейлер тұрғынды пышақтаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады

Қызылордалық полицейлер тұрғынды пышақтаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 09:29 Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда қалалық ПБ “102” арнасына облыс орталығында орналасқан сауда орталығының алдында белгісіз тұлғаның бір азаматқа пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалағандығы жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарлама бойынша дереу қала аумағында болған қылмыс туралы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілді. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінде күдікті азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды.

Көліктен айғақ заттар алынды. Айта кетерлігі, күдікке ілінген азамат көлігінің мемлекеттік нөмірлерін алдын ала шешіп алған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қызылорда қалалық ПБ жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен 49 қылмыс ашылып, 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: