Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрі Каспий итбалықтарының қырылғанына қатысты пікір білдірді

Экология министрі Каспий итбалықтарының қырылғанына қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 13:14 Сурет: pixabay
Үкімет отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Форт-Шевченко қаласынан 1,5 шақырым жерде табылған итбалықтардың қырылу себебін зерттеу басталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология министрі қазір қажет сынамалар алынғанын, бірақ нәтижесі кейінірек шығатынын түсіндірді. Сонымен бірге ол жануарлардың өліміне көбіне адам факторы себеп болатынын атап өтті.

"Былтыр мұнай компанияларына қатысты оқиғалар болған жоқ. Бірақ өлекселерден қандай да бір физикалық әсер болғанын байқадық. Болжам бойынша, кемелер соқтығысты. Нәтижесін дайын болғанда хабарлаймыз".Зульфия Сүлейменова

Оның айтуынша, былтыр өлген жануарлардан екі вирус анықталған. Оның бірі - құс тұмауы вирусы.

"Былтыр біз мәселе көтеріп, итбалықтарда екі вирус бар екенін анықтадық. Бүгінде итбалықтарға, популяцияға қатысты белгілі бір сұрақтар мен алаңдаушылықтар бар. Өкінішке қарай, кейбір вирустарға қатысты екпені жабайы жануарларға салу мүмкіндігі жоқ. Биыл неліктен қырылу болып отыр, себебі өлекселер жағалауға ағып келгенге дейін ыдырап үлгерген. Шірік қай кезеңде басталды және неден қырылды, қазір нақтыланып жатыр".Зульфия Сүлейменова

Министр итбалықтың санына қатысты да айтты. Ол қысқару бар екенін растады. Дегенмен итбалықтардың саны қанша азайғаны туралы нақты деректер белгісіз.

"Ғылыми қоғамдастықпен бірге санын есептеу әдістемесін жаңарту мәселесін пысықтау қажет. Өйткені қазір қанша итбалық тіршілік ететіні туралы ортақ түсінік жоқ. Қазақстанның қолданбалы экология агенттігі (ҚҚЭА) оптимист көрсеткіштерді ұсынады. Олар итбалық саны 300-ден 380 мыңға дейін жететінін айтса, Биология және экология институты, басқа мекемелер пессимист баға беріп жатыр, яғни 100 мыңнан аспайды дейді. Итбалықтардың көшу жолдарында да өзгерістер байқалады, браконьерлік фактілер бар".Зульфия Сүлейменова

Мамыр айының басында Ақтау тұрғындары Форт-Шевченко қаласынан 1,5 шақырымдай жердегі жағалаудан өлі итбалықтарды тапқан.

Итбалар табылған жерге Жайық-Каспий өңіраралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, ветеринарлық инспекция, Қазгидромет және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған жұмыс тобы шықты. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті табылған жерден су мен ауа сынамасын алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: