Қызылорда облысында локомотив өртенді

ҚТЖ, пойыз, локомотив, өрт, Қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 09:47 Сурет: pixabay
2023 жылғы 16 мамырда Қызылорда-Жосалы учаскесінде жүк пойызының локомотиві өртенді. "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына қазір өрттің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Сондай-ақ өртті аудандық өртке қарсы қызмет күштері дер кезінде сөндірген.


"Оқиға орнына қосалқы локомотив жіберілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

15 мамырда Алматыда сомакатшы жолаушылар пойызын тоқтауға мәжбүрледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: