Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды
Сурет: Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жүргізіп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі – Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшылары 1990 жылы туған С.А.А. есімді қазақстандық жігітті ұстады.
"Ұсталған азаматқа Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2022 жылдың қараша айында С.А.А. Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды".Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта ол Қырғызстан Әділет министрлігіне қарасты қылмыстық атқару қызметінің №21 мекемесіне орналастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript