Қазақстан колонияларында 13 суицид әрекетінің жолы кесілді
Сурет: Zakon.kz
Биыл бірнеше айда қызметкерлер бейнебақылау камераларының көмегімен сотталғандарға арналған мекемелерде 13 суицид әрекетінің алдын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері орнатылған камералардың арқасында өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын алады. Бүгінде түзеу мекемелерінде 22 мың бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
"Нәтижесінде биылғы бірінші тоқсанда ғана бейнебақылау операторлары оқшаулау режимін бұзудың 3 402 фактісін анықтады. Ал жалпы былтыр 2 779 бұзушылықты ұстаған. Тыйым салынған заттар енуінің 4 арнасы және 79 жанжал мен 9 топтық бағынбау анықталды. 13 суицид пен 3 қашудың алдын алынды".Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл ретте ведомство мекеме қызметкерлерінің үстінен түскен арыз-шағымдар саны төрт есеге азайғанын айтып отыр.
Сонымен қатар бейнебақылауда адамды немесе көлікті анықтауға ғана емес, оператордың аумақты визуалды тексеруі арқылы жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесі бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript