Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық киік өлі табылды
19 мамырда сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады, оның 95% - ы төлі, 5% - ы аналықтары. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті.
"Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді. Сынамалар алынғаннан кейін аталмыш өлекселер Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлерімен жойылады", делінген хабарламада.