Жетісу облысында 1400-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Жетісу облысында 1400-ге жуық киік мүйізі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 14:40 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысының полицейлері, шекарашылармен бірге ірі көлемде киік мүйізін алып өтпек болған үш азаматты ұстады.

Облыстық полиция депаратаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, бірлескен шара барысында Жаркент қаласында Митцубиси Галант көлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде автокөлік салоны мен жүк салғышынан киік мүйізі салынған қораптар мен дорбалар табылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақбөкен мүйіздерінің жалпы саны – 1382 дана. Қазіргі таңда, сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: