Киік мүйіздері тәркіленді: Жетісу облысында ауқымды операция жүргізілді

Сайгак, сайгаки, сайга, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 09:34 Фото: wikimedia/Andrey Giljov
Жетісу облысында құқық қорғау органдары ірі көлемдегі киік мүйізінің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында полиция прокуратура және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, жануарлар дүниесі объектілерінің заңсыз айналымының жолын кесу бағытында жедел іс-шаралар жүргізді. Іс-шаралар Панфилов ауданы аумағында өткізілді.

Нәтижесінде 6 күдікті ұсталды. Сыртқы белгілері бойынша киік мүйізіне ұқсас 1,6 мыңнан астам зат анықталып, олардың жалпы салмағы 500 келіден асатыны белгілі болды.

Осылайша сирек кездесетін жануарлардың дериваттарын заңсыз өткізу арнасының жолы кесіліп, жануарлар дүниесіне келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу қамтамасыз етілді.

Аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен және олардың бөліктерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, өткізу арналары және өзге де қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Бұған дейін БҚО-да нөмірін әдейі жасырған жүк көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: