БҚО-да нөмірін әдейі жасырған жүк көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 16:47 Фото: polisia.kz
БҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты камералардан жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірлерін әдейі жасырған үш жүк көлігін анықтады.

Тексеру барысында барлық көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жеке басы анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді.

Автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды. Полиция мәліметінше, жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару, сондай-ақ нөмірді тануға кедергі келтіретін құрылғылар мен материалдарды пайдалану заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Мұндай құқық бұзушылық үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамақ және бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: