БҚО-да полиция мемлекеттік нөмірін изолентамен өзгерткен жүргізушіні ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 14:56 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Орал қаласында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері патрульдеу барысында Toyota Camry көлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізушінің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріпті әдейі изолента арқылы өзгертіп, жалған нөмірмен көлік құралын басқарғаны анықталды.

Бұл құқық бұзушылық жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу. Аталған дерек бойынша жүргізуші жауапқа тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Заңнамаға сәйкес, көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік құралын басқарғаны үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру көзделген.

Мұндай құқық бұзушылықтар жолдағы тәртіпті бұзып қана қоймай, құқық қорғау органдарының тиімді жұмысына кедергі келтіріп, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырамыз. Естеріңізде болсын: әрбір құқық бұзушылықтың өз салдары бар!

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: