Өскеменде бірдей мемлекеттік нөмірмен жүрген екі көлік анықталды

Өскемен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген екі Toyota Alphard көлігін анықтаған., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 11:05 Сурет: ҚР ІІМ
Өскемен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген екі Toyota Alphard көлігін анықтаған.

Бірінші көлікті 29 қыркүйек күні тоқтатқан. Сол кезде тәртіп сақшылары жүргізушінің жүргізуші куәлігінің және сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтап, автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

21 қазан күні "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында дәл сол мемлекеттік нөмірмен жүрген тағы бір Toyota Alphard көлігі полицейлердің назарына түскен.

Тексеру кезінде бұл көліктің шанағының сәйкестендіру нөмірі (VIN) көрсетілген мемлекеттік нөмірге сәйкес келмейтіні анықталды. Көлік жалған тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, полицейлер құқық бұзушылықтың мән-жайын және екі көліктің иелерінің арасындағы байланысты анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: