Өскеменде бірнеше рет дүкеннен ұрлық жасаған күдіктілер бейнебақылау арқылы қолға түсті

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 14:38 Фото: Zakon.kz
Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті супермаркеттен алкоголь өнімдерін ұрлаған екі фактіні анықтады.

Бірінші оқиға 11 ақпанында болған. Күдікті сауда үйіне еркін кіріп, сөреден төрт бөтелке алкогольді сусын мен жеке гигиена құралдарын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 88 мың теңгеден асады. Сондай-ақ, осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтар тіркелген, оның бірі 2025 жылдың қараша айында жасалған. Сол супермаркеттен жалпы құны шамамен 120 000 теңге болатын алкогольдік ішімдіктер ұрланған.

Барлық қылмыс фактісі жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен жазбалардың көмегімен ашылды. Бұл күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция тұрғындарды қырағы әрі жауапты болуға шақырады. Дүкендерде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және күдікті әрекеттерді байқасаңыз дереу 102 арнасына хабарлаңыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: