Шымкент зообағында қызыл бөлтірік дүниеге келді

Шымкент зообағында бөлтірік дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 14:16 Сурет: Zakon.kz
Қуанышты жаңалықты Шымкенттің хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақ қызметкерлері бөлтірікке "Ракша" деген лақап ат берді. Қазір ол өз бетінше азықтанып, айналасына мән бере бастады.

3 сәуір күні біздің зоосаябағымызда әкесі Майк пен анасы Чакки атты қызыл қасқырлар жұбынан алғашқы күшік дүниеге келді. Алғашқы тумасы болғандықтан, оны анасы бауырына баспады. Сондықтан біз күшікті анасынан бөлек алып, арнайы емізікпен азықтандырдық. Біздің кішкентай Ракшамызды көргіңіз келсе, сіздерді зообақта күтеміз!" - деп жазды зообақ әкімшілігі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: