Павлодарда жылу трассасының қаптамасы отқа оранды
Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
22 мамырда Павлодарда жылу трассасы құбырының сыртынан оралған қаптамаға от тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 15-35-те Павлодар қаласында Кутузовский көпірінің артында жылу трассасының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден бес қызметкер мен бір көлік аттанды.
"Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенде құрғақ шөптің, құбырдың сыртындағы жылу өткізбейтін қаптамасы өртенгені анықталды. Құбыр қаптамасының жану алаңы 150 метр, өртенген құрғақ шөп пен қоқыстың алаңы 400 шаршы метрді құрады", делінген хабарламада.
Өңірлік ТЖД артынан қосымша 2 қызметкер мен бір көлік жіберілгенін де нақтылайды.
Отты оқшаулау сағат 15-57-де, ал өртті бүтіндей жою сағат 16-35-те мүмкін болды.
Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript