Ақтауда тұрғын үйдің бетон маңдайшасы опырылып, зардап шеккен ер адамға ота жасалды
Сурет: primeminister.kz
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайшасы опырылып, салдарынан зардап шеккен ер адамдардың біріне ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1994 жылғы науқас аяғы сынып, травматология бөліміне жеткізілген болатын.
"Жәбірленуші стационарда емделіп жатыр. Оған металлосинтез отасы жасалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деп Lada.kz Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылы 11 мамырда Ақтауда 9 ықшам аудандағы №4 үйдің кіреберісіндегі бетон маңдайша опырылып түскен болатын. Оқыс оқиға салдарынан бір ер адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript