Ақтауда көпқабатты үйдің кіреберісінің шатыры опырылып түсті – полиция қылмыстық іс қозғады
Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 11 мамырда Ақтауда 9-шағын аудандағы 4-үйдің кіреберісінің шатыры опырылып, салдарынан бір ер адам оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті "102" кезекші пультіне қоңырау сағат 11:21-де түскенін, одан кейін жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанғанын нақтылады.
"Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша Ақтау қаласы полиция депратментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды". Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Мән-жайды анықтау барысында бұзу жұмыстары кезінде кіреберістің шатыры екі ер адамның үстіне опырылып түскені анықталды.
"53 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, екінші 29 жастағы ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді". Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі шатыр опырылып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам жараланды. Ол екі адам шатырды бұзып жатқан ПИК қызметкерлері болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript