Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында ер мұғалім оқушы қызға тиіспек болды деген күдікке ілінді

Зорлық-зомбылық , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 21:41 Сурет: pixabay
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8 сынып оқушысын кабинетіне шақырып алып тиіспек болған. Дауыстап іздеген сыныптастар болмаса мұның арты ауыр зардапқа соқтырар еді. Мектеп психологы оқушы қыздың күйзеліске түскенін анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағымсыз оқиға Ават ауылындағы орта мектепте болған. 8 сынып оқушы, әдеттегідей сабақтан кейін воллейбол секциясына қалған, 53 жастағы мұғалім оны өз кабинетіне шақырып, есікті жауып опасыздық жасамақшы болған. Алайда оны сыныптастары дауыстап іздеген сәтте мұғалім "мұны екеумізден басқа ешкім білмесін" деп қызды шығарып жіберген, деп хабарлайды Astana.tv.

Анасының айтуынша, қызы аяқ астынан өзгеріп, тұйық болып кеткен. Қосымшаға да барғысы келмеді дейді. Оның себебін сұрағанда, бар шындықты естіп, есеңгіреп қалғанын айтады. Мұғалімді жақсы танитындықтан, алғашқыда сене алмаған.

"Қызым қазір далаға шықпайды, депрессияға ұшырап, сөйлеуден де қалды. Басында ауылда бұл мүмкін емес. Басында кішкентай бала дұрыс түсінбей, ойынан шығарған деген қауесет де тарады, алайда кейін ата-аналар маған хабарласып неге ол әлі күнге дейін мектепте жүр деп хабарласа бастады". Жәбірленушінің анасы София

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте 13 жыл еңбек еткен. Жасы - 53-те.


"Педагогикалық әдеп комитетінде қарап бұл мәселені тек қана сөгіс жарияладық. Мұғалімді біздер шеттеткен жоқпыз, өйткені қазіргі уақытта ол денсаулығына байланысты жұмысқа келмей жүр. Еңбек кодексінің 58-бабы негізінде жоғары құзыретті органдардан акт болу керек, сол актының негізінде ғана біздер әрекет ете аламыз". Мектеп директоры Ляззат Нұрмаханова

Мектеп психологы зардап шеккен оқушымен жұмыс барысында қыздың бар шындықты айтқанын аңғарған. Жеткіншек бұған дейін тәрбие жөнінен де, оқу үлгірімі бойынша да тек жақсы жағынан көрінгенін айтады.

"Қызбен бірінші күні жұмыс істегенде өте ауыр жағдайда болды. Жылады, бала әбден ішінде сақтап депрессияға тап болған. Қазіргі жағдайы сәл де болса жақсарды. Қыз өте сыпайы. Балалар мұндай жағдай туралы өтірік айта алмайтынына сенімдімін. Ал мұғалімді біз барлығымыз бұрыннан танимыз, өз жұмысына ұқыпты кісі болатын, бұл жағдай бәрімізді таң қалдырды".Мектеп психологы Зейнепхан Мамырова

Бұл жағдайға қатысты полиция іс қозғаған.


"Аталған дерек ҚР ҚК 124-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Еңбекшіқазақ ауданының полициясында тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды". Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин

Оқушыға жан-жақты психологиялық көмек көрсетілуде. Алматы облысы білім басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, денсаулығына байланысты демалыстағы мұғалімді уақытша босату заң бойынша мүмкін емес.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: