Алматы маңындағы гүлдер алқабында дрифт жасаған BMW жүргізушісі көптің төбе шашын тік тұрғызды
25 мамырда Instagram-да жарияланған видео сипаттамасында бұл: "Талдықорған - Қонаев тас жолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді елдімекенінің аралығындағы сұлу дала" екені жазылған.
Бұл видеоға пікір қалдырушылар жүргізушінің оспадар әрекетіне наразы:
- міне, осындайлардың кесірінен біздің еліміз әлі 500 жыл бүккен тізесін тіктей алмайды;
- адамдар қоршаған ортаға деген осындай тұтынушылық көзқарасын қашан қояды?
- Бұл жабайылық үшін 1 000 000 теңге айыппұл салу керек! Содан кейін ол келесі жолы ойланатын болады.
- неліктен біздің адамдар үнемі бәрін бұзуға дайын тұрады?
- 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру керек.
Жетісу облысының полициясы желідегі видеоны тексеріп, BMW иесі Кербұлақ ауданының 34 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
"Жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабында көзделген бұзушылық (жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу) орын алғаны байқалады. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта ер адам жұмыс сапарында, қайтып оралғаннан кейін ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Іс ерекше бақылауға алынды, деп нақтылайды полиция.