Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық өрт сөндіруші Тоқаевқа видеоүндеу жасады

Алматылық өрт сөндіруші Тоқаевқа видеоүндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 09:53 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
25 мамыр күні Алматы қалалық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Арман Өмірбаев жұмыс орнындағы бастықтарды біліксіз деп айыптап, видео хабарлама жасады. Өрт сөндірушінің мәлімдемесі қазақстандықтар арасында резонанс тудырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода аға сержант Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Оның айтуынша, басқа "сенетін, үміт артатын ешкім жоқ".

"Сізден шектен тыс тәртіпсіздік жасаған Алматы гарнизонының басшылығына шара қолдануыңызды сұраймын. Соны реттеп беріңізші. Мен өмірімді біліксіз басшылықтың кесірінен қатерге тігуге дайын емеспін. Мысал ретінде Медеуде тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан әріптесім Құрманбеков Арсланды айта аламын. Министрліктен құзыретті адамдарды тағайындауын сұраймын. Біз қызметке лайық адамдардың тізімін бере аламыз. Халқымызды аман алып қалу үшін барлығына дайынбыз. Бірақ мынандай бастықтармен жұмыс істеуге дайын емеспіз", - деді Арман Өмірбаев.

Кейін ол Астанаға министрдің қабылдауына баратынын айтып, тағы бір видео жариялады.

"Жай ғана сөйлесейік. Әкесі мен ұлы сияқты. Шер тарқатайық. Қызметіміздегі олқылықтарды түсіндірейін. Жеке құрамның психологиялық жағдайы өте төмен деңгейде. Бұл жұмысымызға әсер етеді".Арман Өмірбаев

Осы үндеу жарияланғаннан кейін қалалық ТЖД Арман Өмірбаевты қабылдады. Олар Арманның қатысуымен тағы бір видео ұсынды. Бұл жолы өрт сөндіруші эмоционалды болғанын айтты.

Сонымен қатар ол Алматыда оқыс оқиғаларды тез арада шешуге көмектесетін жаңа техниканың бар екенін түсіндірді.

"Өмір сүруге болады. Бірақ бұл жерде қызметкерлердің психологиялық жағдайын ескеру керек. Тұрғын үй мәселесі де бар. Бұл бірінші орында. Осындай қиын жұмысты істейміз, бірақ менің көпбалалы әріптестерімнің жағдайы жоқ, жеке баспанасы жоқ. Менің кішкене жолым болды. Бірақ баспанасы жоқтар қалай пәтер аламын деп уайымдайды да, бұл олардың жұмысты өнімді істеуіне әсер етеді".Арман Өмірбаев

Ол әріптесі Арслан Құрманбековтың өліміне қатысты да "күйіп-піскенін" жеткізді.

"Қандай жұмысты атқарып жүргенімізді білеміз. Қайғылы жағдайлар болып жатыр. Мен ешкімді кінәлай алмаймын. Тек әріптесім үшін ренжулімін, эмоцияға беріліп кеттім".Арман Өмірбаев

"Мен қарттардың тәжірибелі екенін түсінемін, бірақ жастар тағы не қосуға болатынын біледі", - деп түйіндеді ол сөзін.

Төтенше жағдайлар департаменті әңгіме қорытындысы бойынша бұл өтінішке түрткі болған себептер мен фактілерді анықтау бойынша нақты тапсырмалар берілетінін түсіндірді.

8 мамырға қараған түні Медеу тауының баурайындағы өртті сөндіру кезінде ПЧ-7 бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қаза тапты. Одан кейін өртке қарсы қызметтің тағы бір қызметкері қол жарақатын алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: