Павлодар облысында 4 жасар бала септикке құлап, мерт болды

Павлодар облысы, септик, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 11:28 Сурет: polisia.kz
31 мамырда Павлодар облысының Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласындағы ағаш палубамен жабылған септикке құлап кеткен.

"Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды".Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".

29 мамырда Павлодар облысында 8 жасар бала үш метрлік су траншеясына құлап, ауруханаға түсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: