Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 20:04 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Жергілікті тұрғынның канал жиегіне барып, күріштіктің суын тексеремін деп абайсызда құлап кеткендігі анықталды. Ол Қызылорда қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 маусымда сағат 11:30 шамасында Жалағаш ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдраманов және патрульдік полиция тобының аға инспекторы Ернұр Өтеш аймақты шолып жүргенде алдарынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көліктерін тоқтатуды сұрайды. Ентіккен азамат Бұқарбай батыр елдімекеніне қарасты "Северный" каналында бір азаматтың суға батып бара жатқандығын айтады.

Полицей Ержан Абдраманов ойланбастан суға секірді. Суға секіріп, жігітті жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: