Қостанайда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 09:42 Фото: Zakon.kz
Кешкі уақытта "102" арнасына куәгерлерден шұғыл хабарлама келіп түсті: Қостанай қаласындағы үлкен көпір маңында Тобыл өзенінде ер адамның батып бара жатқаны туралы ақпарат берілген.

Мұндай сәтте әр секунд қымбат еді. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция батальоны взводының командирі Медет Қойшегұлов жетті.

Уақыт оздырмай, полиция қызметкері суға секіріп, зардап шегушіні құтқаруға кірісті. Полицейдің батыл әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде 34 жастағы ер адам судан аман-есен шығарылды.

Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсету мақсатында ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция азаматтарға ескертеді: жабдықталмаған орындарда суға түсу және судағы қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: