Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы тұрғынның денесі табылды

Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы тұрғынның денесі табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 16:23 Сурет: ҚР ІІМ
Ақмола облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі тыйым салынған жерлерде шомылушыларды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Су айдындарын патрульдеу жағалау сызығынан да, судан да жүзеге асырылады. Қала тұрғындары мен балалардың жаппай демалатын орындары аса назарда.

Учаскелік полиция уәкілдері мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, ересектердің қарауынсыз шомылатын кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударады.

Полицейлер тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді: Су айдындарындағы тәртіп ережелері туралы әңгімелейді, алкогольдік ішімдіктерді ішудің қауіптілігі және мас күйінде шомылуға жол берілмеуі туралы ескертеді.

4 маусым күні Целиноград ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қараменді батыр 53 жастағы ауыл тұрғынының Мортық ауылының маңында Есіл өзенінде суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері оқиға орынын тексеріп, денені визуалды тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Барлық куәгерлерден жауап алынды. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоғамдық жерде алкогольді ішуге жол берілмеуі туралы сұрайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: