Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында жоғалған 15 жасар оқушы қыздың денесі өзеннен табылды

Қайғылы оқиға Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Жетісу облысы Панфилов ауданында өзен арнасынан тәртіп сақшылары екі күн бұрын жоғалып кеткен 15 жасар оқушы қыздың денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 маусымда Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың денесі Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылды, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Табылған денеде күштеу, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, жасөспірім өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді". Өңірлік ПД баспасөз қызметі


Ведоство атап өткендей, оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Облыстық полиция марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз