Qnet LTD пирамидасын құрды деген күдікті жәбірленушілердің 36 миллион теңгесін қайтарып берді

Қостанай, қаржы пирамидасы, Qnet LTD, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 10:43 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда Qnet LTD құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды Qnet LTD қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.

"30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомсто азаматтарды қырағы болып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: