Қарағанды облысында жүк көлігінің кесірінен 20 ауыл жарықсыз қалды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 19:02 Сурет: pixabay
Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарының жиырма шақты тұрғын үйі 8 маусымда жарықсыз қалды. Облыстың Энергетика және ТКШ басқармасы апат ГРЭС-2 – Қарағайлы жоғары вольтты желісінің сымына зақым келтірген темір тасушы көліктің кінәсінен болғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 8 маусымда жүк көлігінің ГРЭС-2 – Қарағайлы-1,2 жоғары вольтты желісінің сымын үзіп кетуіне байланысты "Ботақара" ҚС, "Ульяновка-1" ҚС, "Ульяновка-2" ҚС, "Пушкин" ҚС, "Бабаев" ҚС, "Корнеевка" ҚС, "Хорошевская" ҚС, "Красный Октябрь" ҚС, "Озерная-1" ҚС, "Нұркен" ҚС, "Алыс" ҚС, "Ынталы" ҚС, "Матақ" ҚС, "Жусалы" ҚС, "Кузнецкая" ҚС, "Пролетарка" ҚС, "Карбышевка" ҚС,"Қарқаралы" ҚС, "Қарағайлы" ҚС сөніп қалды. Сондай-ақ Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарының тұтынушылары ішінара жарықсыз қалды", - деп хабарлады Энергетика және ТКШ басқармасы.


Құзырлы ведомство "Қарағанды Жарық" компаниясы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, тұрғындар интернет пен ұялы байланыстың жоқтығына да шағымдануда. 

Тұрғындарға бір күн ішінде жарықты қалпына келтіру уәде етілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: