Қарағанды облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Қарағанды облысында 20 шақты ауыл жарықсыз қалды. Кен таситын ауыр жүк көлігі жоғары кернеулі электр желісін үзіп кеткен.
Бұл Топар ГРЭС-нен Қарқаралы мен Бұқар жырау аудандарына тоқ жеткізіп тұрған негізгі желі. Ұзындығы 250 шақырым. Сондықтан жөндеу оңайға соқпай тұр, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бұқар жырау ауданының тұтынушылары толығымен жарыққа қосылды. Қазір Қарқаралы ауданы бойынша бригадалар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. "Қарағанды жарық" кәсіпорыны кешке дейін бір желіні жөндеп, тұтынушыларды тоққа қосуды жоспарлап отыр. Ертеңгі күні екінші желіні қалпына келтіружалғасатын болады." Гүлбарам Әділғожина, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript