Шымкентте ашық алаңнан оқушы баланың денесі табылды
Сурет: Zakon.kz
9 маусымда таңертең Қаратау ауданына қарасты Тұран-1 ықшам ауданында 15 жасар жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar басылымының мәліметінше, 8 маусымда кешке жасөспірім мал бағуға кетіп, содан оралмаған. Сағат 4: 50-де оның денесі Новостроек көшесіндегі ашық алаңнан табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені де нақтыланады. Сондай-ақ дене жарақаты анықталған жоқ. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Марқұмның №72-ші орта мектепте оқығаны, инклюзивті білім алғаны белгілі. Бүгін таңертең онда емтихан болған.
"Бала 9-сыныпты бітірді, мектепте қандай да бір проблемалары болмаған, мінез-құлқы жақсы, инклюзивті білім алды, сабақтан қалмайтын. Бүгін емтихандары болды, ол келуі керек еді. Таңертең оның ата-анасына қоңырау шалып, қайғылы хабардан қанық болдық. Олар оның басы айналып құлап, басын қатты ұрып алған болуы мүмкін екенін болжайды. Отбасыға көңіл айтамыз", - деді Шымкент қаласының № 72 мектебінің директоры Бегмат Усманов.
Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript