ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев қайтыс болды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімшілік полиция комитетінің нақтылауынша, Жандос Мұраталиев ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған.
Полиция полковнигі Мұраталиев Жандос Дүйсебайұлы 1975 жылы 2 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript