Балқаш жылу электр орталығында апат орын алды
Сурет: gov.kz
2023 жылы 15 маусымда сағат 16.22-де "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында секциялық ажыратқыш зақымданып, салдарынан меншікті электр қажеттіліктерін жоғалтуына байланысты 10 кВ тарату құрылғысы токтан ажыратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді. ЖЭО генерациясы 110-нан 0 МВт-қа дейін төмендеді.
"Сағат 17.10-да электр станциясын бұру бойынша операциялар басталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 1 турбина жұмыс істеуде. Технологиялық бұзушылықты тексеру Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қатысуымен жүргізіледі", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript