Балқаш қаласы әкімдігі ЖЭО-ның токтан ажыратылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: Instagram/balqash_qalasy_akimdigi
Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 15 маусымда шамамен сағат 16.30-да Балқаш ЖЭО-да 10,5 кВ-тық тарату құрылғысы түтегенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, 6,7,9. ТА 2,3,7 қазандық агрегаттары токтан ажыратылғаны да нақтыланады.
"Жұмыс тобы апатты тез арада жойды. Қалада электрмен қамсыздандыруға қатысты ешқандай проблема жоқ. Ыстық сумен қамсыздандыру қызметі де штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", делінген Балқаш қаласы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетсек, алдында ҚР Энергетика министрлігі 2023 жылы 15 маусымда сағат 16.22-де "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында секциялық ажыратқыш зақымданып, салдарынан меншікті электр қажеттіліктерін жоғалтуына байланысты 10 кВ тарату құрылғысы токтан ажыратылғанын, 3 қазандық пен 3 турбина сөндірілгенін хабарлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript