Павлодарда алаяқтарға сенген зейнеткерлер миллиондаған ақшасынан айырылып қалды
![Павлодар, алаяқтық, зейнеткер, полицейлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 09:39](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f8526c75-3dad-4c36-8263-56d8f3466fb2/800x450.webp)
Павлодар облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров соңғы 2 аптада 30-ға жуық зейнеткер алаяқтыққа тап болғаны туралы арызданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, қарттарды "қиындыққа ұшыраған туыстар" схемасы бойынша алдаған: шабуылдаушылар қалалық телефондарға қоңырау шалып, ата-әжелерді жол-көлік апатына түскен туысына шұғыл ақша керек деп алдаған. Ақшаны курьерлер жеткізіп берген.
"Алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Олар Павлодардың 19-21 жас аралығындағы төрт тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта олардың 6 алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды, олар зейнеткерлерді алдап, 25 миллион теңге алып кеткен".Балғабай Қапаров
Полицейлердің мәлімдеуінше, ұсталғандардан жалпы сомасы 3 млн 900 мың теңге тәркіленген. Бұл ақша екі жәбірленушіге қайтарылыпты.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екі күдікті қамауға алынды. Тағы екеуі үйқамақта.
Қазір полицейлер топтың осыған ұқсас алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript