Дәрігерлер елорда тұрғындарын көшеге шықпауға шақырды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2023 жылғы 19 маусымда Астана әкімдігі елорда тұрғындарынан қажеттілік тумаса, көшеге шықпауды өтінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр.
Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырды
Ведомство өкілдері бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдары сырқаттанатын адамдарға қатысты екенін ескертті.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша, 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript