Үлкен Алматы каналы қашан ретке келтіріледі
Сурет: Zakon.kz
Үлкен Алматы каналының аумағы тазартылып, тіпті көгалдандырылады. Бұл туралы 21 маусымда Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті тұрғындар әкімге ҮАК (Үлкен Алматы каналы) бойында демалыс орындарының жоқ екенін айтып, шағымданды. "Думан ықшамауданынан Бұқтырма көшесіне қарай ҮАК бойында жасыл желек жоқ. Біз, бұл ауданның тұрғындары, тіпті барар жеріміз де жоқ. Жақын жерде тек автотұрақ бар", - дейді тұрғын.
Қала әкімі 2026 жылдың соңына дейін каналдың аумағын ретке келтіруге уәде берді.
"ҮАК бойынша жоспарларымыз бар, қазір жоба аяқталып жатыр. Оны Алматының шекарасынан бастап, ретке келтіреміз. Баум тоғайынан біртіндеп көшуді бастаймыз. Біз ҮАК және оның аумағына қатысты барлық нәрсені 2026 жылға дейін жайғастырамыз", - деді Ерболат Досаев.
Әкім сонымен қатар саябақ ұйымдастыруға болатын жер табуды тапсырды.
"Аудан әкіміне тапсырма беремін. Қай жерді абаттандыруға болатынын көрсін, алаң жасап берсін. Өкінішке қарай, біреудің аумағын сатып алуға тура келеді, басқа амалымыз жоқ. Немесе сол жерді тәртіпке келтіруге тура келеді ", - деді әкім.
Сонымен қатар жиында Бұқтырма, Құлжын және Талғар трактінің бөлігіндегі аудандардың трансформацияланатыны айтылды.
Бұған дейін Ерболат Досаев "Алматы су" кәсіпорнына Каменск үстірті аймағындағы жаңа құрылыстармен айналысуды тапсырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript