Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентті қара түтін басып, қала тұрғындарын шошытып жіберді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 01:51 Сурет: видеодан алынды
23 маусымда түнде Шымкентті қара түтін басып, қала тұрғындарын шошытып жіберді. Кейін қала ішіндегі қараусыз ғимарат отқа оранғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы ТЖД-ның мәліметінше, 101 басқару пультіне 23 маусымда сағат 21:29-да Тұран ауданы, Желтоқсан көшесі бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 


"Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері қараусыз қалған ғимараттың екінші қабаты мен шатырындағы 200 шаршы метр аумақтың отқа оранғанын анықтады. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің 26 қызметкері мен 7 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Өрт сағат 21:45-те оқшауланып, сағат 22:10-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ". Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: