Жаңалықтар тізбегі
0

"Байланыс үзілді". Титан батискафымен су астына саяхаттап көрген актер өз шындығын айтты

Су асты саяхаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2023 16:39 Сурет: Twitter/@Moriarty12Dr0
22 маусымда Атлант мұхиты түбіне түсіп, жоғалып кеткен титан батискафтағы туристердің оттегісі таусылғаны белгілі болды. Кейін оның жарылып, ішіндегі бес жолаушысы опат болғаны жарияланды. Сол батискафтпен алдында саяхаттаған актер өз басынан өткенін баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Титан батискафымен (теңіз түбінде өздігінен жүретін аппарат) саяхаттап көрген мексикалық актер өздерінің жағдайында тап болған оқыс оқиғаны баяндап берді.

Оның айтуынша, суға түскеннен кейін аккумулятордан ақау шығып, су бетіндегі кемемен бірнеше сағат бойы байланысқа шығу мүмкін болмай қалған.

Алан Эстрада бұл саяхаты үшін 125 000 доллар төлеген. Бірқатар БАҚ-қа басында болған оқиғамен бөліскен ол саяхаты уақытынан бұрын аяқталғанын жеткізіпті.

Эстрада Reutets жаңалықтар агенттігіне берген сұқбатында өзіне саяхатқа аттанар алдында барлық қауіп-қатер ескертілгенін атап өткен. 

"Сол экспедицияға қатысқан барлық адам қандай тәуекелге бас тіккендерін жақсы біліп, оны толықтай сезінді деп айтуға болады. Мысалы, өз басым, қауіпсіздікті шынайы сезіне алмадым. Керісінше, тәуекелге бел буғандықтан, егер алда-жалда оқыс оқиға орын алса, түпсіз тереңдікте мінген кемеміз жарылып кетсе де, оны соңына дейін түсініп жатпастан жаһанамға кете баратымыз санамда сайрап тұрды".

42 жастағы актер Титанның барлық жолаушысы тәуекелдерді мұқият зерттеп, оны ұшаққа отырумен теңдей салыстырғанын атап өтті.

"Иә, күлкілі естілетін шығар, бірақ өмір дегеніміз тәуекел. Түптеп келгенде, көбіміз бұған еш өкінген жоқпыз, су асты патшалығын көрген де арман емес пе кейбіреулер үшін", — деді Эстрада.

19 маусымда ішінде бес миллиардері бар батискаф жоғалып кетті. Әр адам бұл саяхаты үшін 250 мың доллардан төлеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: