Ойнап жүріп адасып қалған: құтқарушылар түні бойы Алматы облысының тауларында балаларды іздеді

Спасательный отряд, собаки-спасатели, кинологи, спасатели с собаками, спасательный отряд с собаками, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2025 10:56 Фото: Zakon.kz
Алматы облысындағы Талғар ауылында бес жасар бала мен оның он жасар әпкесі үйлерінің алдында көшеде ойнап жүрген, кейін жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-аналар балаларын өз бетімен таба алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.

Кеше кешке 2 бала Алматы облысы Талғар ауданы Талғарұл қ. жеке тұрғын үйдің алдында көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Өздігінше іздеп таба алмаған ата-аналар 112 нөміріне хабарласып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан түні бойы жалғастырылған іздеу жұмыстарына 2 кинологиялық есептоп пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Бұған қоса, іздеуге балалардың жақындары, жергілікті тұрғындар мен полиция өкілдері қатысты.

Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде 2020 ж.т. ұл бала үйден 3 км қашықтықта таулы аймақта түн ішінде табылса, 2015 ж.т. әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан үйден шамамен 10 км жерде таңертең ерте бірақ табылды.

Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: