Жетісу облысында өрт қаупі кезінде орманға баруға тыйым салынады
"Жеке тұлғаларға мемлекеттік орман қорының аумағына баруға, жүруге тыйым салу және орманның зиянкестерімен және ауруларымен күресу жөніндегі авиациялық-химиялық, авиациялық биологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, орман алқаптарында өрт қаупі жоғары кезеңде орманды пайдалану құқығын шектеу туралы қаулы", - делінген құжаттың қосымшасында.
Шешімнің орындалуын қамтамасыз ету "Жетісу облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелді.
Құжат 12 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.
Ұлытау облысында да өрт қаупіне байланысты орманға баруға шектеу қойылады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстанның бірқатар облыстарында, соның ішінде Жетісу облысында жоғары өрт қаупі бар.