Жетісу облысында өрт қаупі кезеңі басталғалы бері 70 дала өрті болған
Сурет: pixabay
Жетісу облысында өрт қаупі кезеңі басталғалы бері 4 орман және 70 дала өрті орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері шомылуға арналмаған су айдындарында екі адам, шомылу кезеңінде бір адам қаза тапты. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 11 адам құтқарылды, оның екеуі - бала.
"Қазгидромет" РМК-ның ақпараты бойынша 11-16 шілде аралығында Жетісу облысының аумағында асынап бағаны +43 градусқа дейін күрт көтерілуі мүмкін деп болжанады. Құзырлы ведомство мұндай жағдайда өрт қаупі артып, су айдындарында да тұрақсыз жағдай орын алуы ықтимал.
"Осы ретте Жетісу облысы азаматтардын ашық ауада демалу кезіндегі барлық қауіпсіздік ережелерін және шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript