"Ақтөбедегі түлектер кеші": Білім басқармасы тексеріс жүргізді
Сурет: unsplash
Қазір Қазақстанның әр өңірінде түлектер кеші өтіп жатыр. Әлеуметтік желіде де сол кештерден видеолар тарап жатыр. Бұл жолы қазақстандықтарды Ақтөбедегі кеште түсірілген видео таңдандырып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіде тараған видеода қыздар мен жігіттер жұп болып бөлініп, әдепсіз әрекеттер жасап, ойын ойнап жатыр.
Ал Ақтөбе облысының білім басқармасы таратылған видеоға реакция жасап, тексеру жүргізді. Белгілі болғандай, видеоның кейіпкерлері мектеп оқушылары немесе колледж студенттері емес.
"Әлеуметтік желіде "Ақтөбе облысының түлектері мектеп бітіру кешінде әдепсіз әрекеттер жасады" деген видео тарап кетті. Облыстық білім басқармасының тексеруі барысында видеодағы тұлғалардың мектеп және колледж түлектері емес екені анықталды. Видеодағы тұлғаларды мектеп түлектері ретінде көрсету шындыққа жанаспайды".Ақтөбе облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Ведомство сонымен қатар заңда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Бұған дейін Қазнетте мектеп бітірушілер аттестатын қоқыс жәшігіне лақтырып жатқан сәт түсірілген видео қызу талқыланған еді. Сол кезде Оқу-ағарту министрлігі немқұрайлы оқушыларды іздеп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript