Көпқабатты үй терезесінен 6 жасар бала құлап кетті: ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

Көпқабатты үй терезесінен 6 жасар бала құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 12:37 Сурет: piqsels
Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтып, ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 маусым күні сағат 19:00-де Еңбекші ауданы, Орынбай ақын көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан 6 жасар ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түсті.

"Қазір бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр", - делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салды.


Сурет: ҚР ТЖМ




Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: