Атырауда көршілері мен полицейлерге шабуылдаған ит иесіне қайтарылды
Волонтерлар ит үнемі басын шайқай беретінін, бұл полиция қызметкерінің соққысынан болуы мүмкін екенін айтады. Жануарды тексертіп, рентгенге түсіру үшін клиникаға апару жоспарланған.
"Біз иттің жағдайы қалай болады деп қатты алаңдадық, өйткені соққы өте қатты болды, көбіңіз оны өліп қалған да шығар деп ойлағандарыңызға сенімдімін. Бірақ Харли мықты "қыз" болып шықты. Ит қожасы Кирилл мен Христина оған қатты алаңдап, итті үйлеріне алдырта алмады. Волонтерлармен бүгін осы оқиғаны түсіндіру үшін ПБ-ға барды. (...) Итті алып кетуге рұқсат берген департамент бастығы Айбек Т-ға, тергеуші Әлнұр Ж-ға түсіністік танытқаны үшін ерекше алғыс білдіреміз", - деп жазады osa_news_vko парақшасында волонтерлар.
Иттің иесі сотқа дейін уақытша ұстау изольяторында болатыны нақтыланады.
Бұған дейін 24 маусымға қараған түні "102" пультіне Атырау қаласы Авангард-2 ықшам ауданының тұрғынынан хабарлама келіп түскені хабарланған болатын. Ол подъезге кіре алмай тұрғанын, өйткені оған сол маңдағы мас жергілікті тұрғын итін айтақтағынын айтты. Ал айтақталушы Страффорд тұқымды төбелеске қатыстырылатын ит болып шықты. Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ит өздеріне қоңырау шалған әйелмен бірге подъезге кірмек болған 31 жастағы ер адамды тістеп алған. Сондай-ақ тәртіп сақшысының бірі жарақат алған. Полиция иесі оқиға орнынан қашу үшін оны тәртіп сақшыларына айтақтағанын айтады.Ал үй жануарларын қорғаушылар желіде қарғыбауынан ер адам ұстап тұрған Стаффорд тұқымды иттің басынан полиция қызметкері таяқпен ұрғанын сипаттайтын видеоны таратуда. Волонтерлар құқық қорғау органдарынан жағдайдың мән-жайын анықтауды сұрайды.