Америкада төрт жыл бұрын жоғалған чемодан иесіне қайтарылды
Сурет: pixabay
Иесі төрт жыл бойы іздеген чемодан ақыры Гондурастан табылды. Бір қызығы жүк иесі Гондурасқа бармақ түгілі, ол жаққа бару ойына да кіріп шықпаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
NY York Post басылымының жазуынша, 2018 жылы United Airlines Чикагода әйелдің чемоданын жоғалтып алған. Әйелдің айтуынша, ол жүгін алу үшін "айлап" әлекке түскен, бірақ онысынан түк шықпады, әуе компаниясы жүктің қайда екенін білмейтінін айтып, шығарып салып жүрген.
"Кенет маған Хьюстоннан (Техас штаты) қоңырау шалып, менің жүгімді тауып алғанын айтты. Олар қателесіп тұрған шығар деп ойладым, өйткені жүк төрт жыл бұрын жоғалып кеткен". Чемодан иесі Апрель Гэвин
Чемодан Гондурастан табылған, ал авиакомпания өкілдері оның ол жаққа қалай тап болғанын түсіндіре алмады.
Турист чемоданның ішінен өзінің барлық заттарын: киім-кешек, зергерлік бұйымдар, көзілдірік, ноутбук зарядтағыш, фен және қыздарына сатып алған киім-кешектерді тапты. Чикагодағы багаж бөлімінде сканерленбеуі жүктің ұзақ сапарлауына себеп болыпты.
"Біз бұл мәселені ұзақ жыл өтсе де, шешкенімізге өте қуаныштымыз", – деді United Airlines өкілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript