Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейге жұмысқа кеткен: хабарсыз жоғалған түркістандық еліне қайтарылды

Полиция қызметкері, адам елге қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 13:10 Сурет: Zakon.kz
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша 46 жастағы баласы Ресейге жұмысқа кетіп, бір жыл бойы қайта оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал анасының із-түссіз кеткен баласын іздеп жүргеніне шамамен бір айдан астам уақыт болған.

Алайда өз бетінше жүргізген іздеуден еш нәтиже шықпаған. Содан полицейлерге арызданған.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, із-түссіз кеткен азаматты іздеуді бастап кетті.

Полицейлер облыс көлемінде, одан соң Қазақстан Республикасы бойынша бағыттамалар беріп, іздестіру ауқымын кеңейтті. Ресей Федерациясында жұмыс бабымен болуы мүмкін деген тұжырымды да ескеріп, сол жақтағы елшілік пен тәртіп сақшыларына хабарлама жібереді.

Нәтижесінде, полицейлер жоғалған орта жастағы азаматты бірнеше күн ішінде тапты. Белгілі болғандай, жоғалған ер азамат Ресейде жұмыс жасауға барып, абайсызда аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан.

Сондай-ақ, азамат өз сөзінде анасы уайымдамас үшін оған хабарласпағанын айтты.

Қазіргі таңда 46 жастағы азамат үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен көші-қон қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: