Кентауда жоғалған жасөспірім мал іздеп жүрген жерінен табылды
Сурет: polisia.kz
Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Әйел өз арызында кәмелет жасына толмаған ұлы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жайт хабар-ошарсыз жоғалу дерегімен Кентау ҚПБ-ға тіркелді. Полицейлер хабарсыз кеткен жасөспірімді ата-анасына аман-есен тапсыру мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Полицейлер көрген-білгендерден сұрастырып, жасөспірімнің баруы мүмкін жерлерді тексеріп, жақын араласатын достарынан жауап алды.
Нәтижесінде, 16 жастағы жасөспірімнің жүрген жері анықталды. Ол өзінің танысымен Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылы тауларына оның ірі қара малдарын іздеуге кеткен. Өз кезегінде жасөспірімнің ата-анасы ұлын аман-есен тауып бергені үшін полицейлерге алғысын білдірді.
Өздігімізден іздеп, таппаған соң полицейлерге арызданған едік. Полицейлердің шапшаңдығы мен өз жұмыстарына тиянақты қарайтындығының арқасында баламыз бір тәулікте табылды. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Сіздерге үлкен рақмет, – деді табылған жасөспірімнің анасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript