Шымкентте полицейлер жоғалған 74 жастағы қарияны тапты
Сурет: polisia.kz
25 тамызда Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын жүгініп, 74 жастағы қайын атасы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Альцгеймер дертімен ауыратын атасының қайда екенін білмей дал болған азаматша тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, тиісті аумақтағы аулалар мен бейнебақылау камераларын қарап, сұрастыру-анықтау жұмыстарына кіріскен.
Полиция қызметкерлерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде жоғалған қария табылған. Өз кезегінде сақшылардың жедел әрекетіне тәнті болған жоғалған қарияның келіні алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript