Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да орман шаруашылығы территориясындағы өрт оқшауланды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 19:18 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
27 маусымда сағат 16.00-де Шығыс Қазақстан облысында Приморск орман шаруашылығының аумағындағы өрт оқшауланды. Ұлан ауданы, "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында 5 гектар аумақты алған өрт оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2023 жылғы 26 маусымда сағат 17.29-да құрғақ шөптер мен бұталар өртенген.

Шығыс Қазақстан облысы Авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшағымен өртті сөндіру үшін орманшылар десанты мен су жеткізілді. Өртті сөндіру қолжетімділігі төмен таулы, жартасты жерлер болуына байланысты қиындай түсті.


"Арқаға ауыр жүк салып жұмыс істеуге тура келді, аспалы өрт сөндіргіштің салмағы шамамен - 20 кг, оған қоса түтін тағы бар. Адамдар өз өмірлерін үнемі қатерге тігіп, жартастан жартасқа секіріп, бар-күшін салып әрекет етуге мәжбүр болды. Бірақ барлық қиындыққа қарамастан, орманшылар мен өрт сөндіру қызметі мамандарының бірлескен күштің арқасында өрт оқшауланды". ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев

Өрт толық сөндірілгенге дейін ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі және орманшылардан 55 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: