Алматылық дәрігерлер үшінші қабаттан құлаған 4 жасар баланың жағдайы туралы айтты

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 21:56 Сурет: Zakon.kz
Алматыда үшінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен 4 жасар баланың жағдайына қатысты №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Баланы жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізді. Қажетті сараптамалар, оның ішінде ағзаға компьютерлік томография жүргізілді. Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер баланы травмалық шоктан алып шықты, қазір жағдайы тұрақты", делінген №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының хабарламасында.

Балада көзге көрінбейтін жарақат болғаны нақтыланады.

"Оған хирургиялық бөлімде ота жасалды. Қазір баланың өміріне қауіп төніп жоқ", делінген аурухана хабарламасында.

Айта кетсек, баланың анасының айтуынша, кішкентай бала балконда орындыққа шығып, көшеге қарамақ болған кезде сыртқа құлап кеткен. Үйде ересектерден ешкім болмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: