Әкімдік Талдықорғандағы бас тудың жыртылуына қатысты пікір білдірді
Сурет: видеодан скриншот
Талдықорған қаласының қонақтары мен тұрғындары «Жастар» саябағындағы тудың жыртылғанына шағымданды. Әкімдік мемлекеттік рәмізді ауыстыруды бастап та кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде Абай облысынан барған қонақ Талдықорғанның бас туы жыртылғанын айтып, видео жариялаған.
"Мен қонаққа келіп, осындай көрініске тап болдым. Бұл - ұят", - дейді видеоны түсірген адам.
Әкімдік бірден әрекет етіп, қала әкімдігінің мамандары бас туды ауыстыруды бастап кеткенін хабарлады.
"Қатты желдің салдарынан ту жыртылып қалды. Мамандар мемлекеттік рәмізді ауыстыруға кірісіп кетті, жұмысты бір сағатта аяқтайды", - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов Zakon.kz-ке.
Талдықорған қаласының бас туы «Жастар» саябағына 2016 жылы орнатылды. Оның биіктігі - 92 метр. Бұл 1992 жылды, яғни Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілген жылын білдіреді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript